Павлодарда 1000-нан астам үй ыстық сусыз отыр
Облыс орталығында жылу желілеріне жасалған сынақтар кезінде 182 ақау анықталды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
«Павлодар жылу желілері» ЖШС-нің мәліметінше, оның ішінде Оңтүстік желілік ауданда – 110, солтүстігінде – 72.
– 5 маусымға дейін Оңтүстік желілік ауданның тұрғын үйлерінің басым бөлігіне және Солтүстік желілік аудан бойынша барлық көппәтерлі тұрғын үйлер ыстық сумен қамтамасыз етілетін болады. Оңтүстік аудандағы 54 тұрғын үй қайта жылу желілерін жөндеуге байланысты ыстық су кешіктіріледі, – деп жазылған хабарламада.
Анықталған барлық ақаулар кестеге сәйкес жөнделуде. Бұл жұмыстарға 39 жөндеу бригадасы жұмылдырылған.
Қалада 1277 көппәтерлі тұрғын үй орталықтандырылған жылу желісіне қосылған және ыстық сумен қамтамасыз етілген. 2023 жылғы 12 мамырдағы жағдай бойынша 219 үй ыстық сумен қамтылған.
1058 үй ыстық сусыз қалып отыр. Оларды кестеге сәйкес ақауларды жөндегеннен кейін қосады.