Павлодарда автокөлік қозғалысы шектеледі

Павлодарда автокөлік қозғалысы шектеледі
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Жөндеу жұмыстары жүргізіледі, деп хабарлайды  @Pavlodarnews.kz тілшісі.  

ТҮКШ ЖК және АЖ бөлімінің мәліметінше, осыған байланысты ағымдағы жылдың 22 сәуір күні сағат 7:00-ден 20:00-ге дейін Торайғыров көшесінен Лермонтов көшесіне дейінгі Назарбаев даңғылының (қалта) шығыс жағымен автокөлік құралдарының қозғалысы шектеледі.

Автобус маршруттары тікелей Н. Назарбаев даңғылымен (даңғылдың шығыс жағындағы «қалтаға» кірмей) жүреді. 

Автобустар жолаушыларды отырғызу-түсіру үшін аялдамаға қарама-қарсы тоқтайды.