Павлодарда демалыс күндері кейбір үйлерде ыстық су мен жылу болмайды
Жылу маусымының жайлы және қауіпсіз өтуі үшін қажетті шаралар өткізіледі, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
«ПАВЛОДАРЭНЕРГО» АҚ баспасөз қызметінің мәліметінше, Қамзин көшесінің бойындағы 13- жылу магистралінің құрылысының аяқталуына байланысты Ломов көшесінен Малайсары батыр көшесіне дейін қысымды сынау және шаю жұмыстары жүргізіледі.
21-22 қыркүйек аралығында Қамзин, Ломов, Н.Назарбаев, Малайсары батыр көшелерінің шекарасында осы желіге қосылған абоненттерге ыстық су беру және жылу беру уақытша тоқтатылады.
Үйлердің тізімін осы сілтеме бойынша көруге болады.