Павлодарлықтарды сенбілік жәрмеңкеге шақыруда
Бес ауданның тауар өндірушілері өз өнімдерін ұсынады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының мәліметінше, 14 ақпан күні ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді.
Жәрмеңке Торговая көшесі, 2А құрылысы (Космонавтар және Торговая көшелерінің қиылысы) мекенжайы бойынша өтеді. Жиынға Тереңкөл, Железин, Павлодар, Шарбақты аудандарының және Павлодар қаласының тауар өндірушілері қатысып, өз өнімдерін ұсынады.
Сонымен қатар, сенбі күндері осындай жәрмеңкелер Екібастұз, Ақсу қалаларында, сондай-ақ облыстың 10 ауданында тұрақты түрде ұйымдастырылады.