Павлодарда екі тұрғын үйді жаңартады
Үй тұрғындарының өтініш-тілектері қала әкіміне жетті, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Қала басшысы Хасар Хабылбеков өзінің «Instagram» парақшасында мәлімдегендей, облыс әкімінің тапсырмасы бойынша тұрғындармен жүздесіп, өтініш-тілектерін тыңдады.
– Тұрғындардың барлық мәселелері оң шешімін тапты. Гагарин көшесі, 30 және Ак.Марғұлан көшесі, 115 мекенжайына ат басын бұрдым. Бұл тұрғын үйлерді модернизациядан өткізу өтініші айтылған еді. Мердігерлер анықталды. Ертеңнен тиісті жұмыстар басталады, – деді ол.
Сонымен қатар, Ак.Сәтбаев көшесі, 344 мекенжайындағы үйлердің тұрғындары қала әкімінен сыртқы желілерді коммуналдық меншікке беруді өтінді.
Хасар Хабылбековтың айтуынша, бұл желілердің үздіксіз жұмысын қамтамасыз ету мақсатында оларды балансқа алу мәселесі қарастырылады.
Посмотреть эту публикацию в Instagram