«ЕЭК» АҚ жартыжылдық тиімділік көрсеткіштерін жариялады

«ЕЭК» АҚ жартыжылдық тиімділік көрсеткіштерін жариялады
Фото: «ЕЭК» АҚ

Кәсіпорын кірісі мен шығысы туралы есебімен бөлісті, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

«Еуроазиаттық энергетикалық корпорациясы» АҚ тұтынушылар мен басқа да мүдделі адамдар үшін алты айлық жұмысы туралы есеп жариялады. Құжаттарда компания жылу энергиясын өндіру және тарату желілері арқылы су беру жөніндегі табиғи монополиялардың субъектісі болып табылатыны жазылған.

Есепте 30 маусымға дейін корпорацияда бекітілген тарифтік сметаны және инвестициялық бағдарламаны қалай орындағаны, реттелетін қызметтердің сапасы мен сенімділігі көрсеткіштерін сақтағаны туралы мәліметтер бар. Сонымен қатар, тиімділік көрсеткіштері, жөндеу жоспарлары туралы ақпаратты қамтиды.

Еске сала кетейік, Еуроазиаттық энергетикалық корпорациясы – Қазақстандағы ірі электр энергиясы мен көмір жеткізушілерінің бірі. ЕЭК екi құрылымдық бөлімшені біріктіреді: «Шығыс» көмір кеніші және  Ақсу электр станциясы.

Файлдар