Павлодар облысында Балалар күні қалай өтеді?

Павлодар облысында Балалар күні қалай өтеді?
Фото: Константин Шелков

Бұл күін жағажайдағы сахнаның ашылуы жоспарланып отыр, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

1 маусым күні, яғни Балалар қорғау күні облысымызда мәдени ошақтарда түрлі іс-шараралар ұйымдастырылып, концерттер қойылады. 

Кенжекөл ауылының отбасылық үлгідегі балалар үйінде  сағат 10:00-де «Балаларға базарлық» атты музыкалық ойын бағдарламасы ұйымдастырылады. Облыс музейлерінде ашық есік күні ұйымдастырылса, кітапханаларда «Бақытты балалық шақ» мерекелік бағдарламасы өтетін болады. 

Ж. Аймауытов атындағы қазақ музыка-драма театры балаларға арнап «Ойыншықтар» ертегісін сахналаса, А.П. Чехов атындағы Павлодар облыстық драма театры «Маленькая Баба Яга» ертегісін көрсетеді. 

Спорт басқармасы да балалар күніне орай спорттық жарыстар ұйымдастырады. Баянтау спорт кешенінде волейбол мен қазақ күресінен қалалық турнирлер ұйымдастырылса, Шахмат үйінде тоғызқұмалақ пен шахматтан жарыстар өтеді. Сонымен қатар, қаладағы спорт мекемелерінде футбол, қолкүрес, бокс, дзюдо жарыстары ұйымдастырылады. 

Еске сала кетейік, Ertis Promenade сахнасында маусымның ашылуына орай күндіз балаларға арналған бағдарлама, кешкі сағат 19:00-де жергілікті орындаушылардың қатысуымен концерт өтеді