Павлодарда бөбекжай-бақша мен бірқатар бизнес нысандары жарықсыз қалады

Павлодарда бөбекжай-бақша мен бірқатар бизнес нысандары жарықсыз қалады
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Электр желісінде жөндеу жұмыстары жүргізіледі, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

«Павлодарэнерго» АҚ баспасөз қызметінің мәліметінше, 17 мамыр күні сағат 9:00-ден 17:00-ге дейін Толстой көшесі, 88-үйде орналасқан «Суши бар» қоғамдық тамақтану орны, «Hair & Nail» сұлулық салоны,  «Ольга» шаштаразы, «Астма-центр», «Бешбармақ» пен «Әлем» кафелері, «Крюгер хаус» пен «Миф» дүкендері, «Стомсервис» стоматологиясы және Н.Назарбаев даңғылы 87/1 мекенжайы бойынша №1 бөбекжай-бақшасын электр қуатымен қамтамасыз ету қызметі тоқтатылады.