Павлодарда оннан көп автобус бағыттары уақытша өзгереді

Павлодарда оннан көп автобус бағыттары уақытша өзгереді
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Жол учаскесінде жөндеу жұмыстары жүргізіледі, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің мәліметінше, 11 қыркүйек күні сағат 8:00-ден 20:00-ге дейін Ломов көшесінен Амангелді көшесіне дейінгі Н. Назарбаев даңғылының батыс жағы (Ломов-Назарбаев және Амангелді-Назарбаев көшелерінің қиылыстарын жабу арқылы) жөндеу жұмыстарына байланысты жабылады. 

Осыған орай автобус бағыттарының қозғалыс сызбасына өзгерістер енгізіледі:

  • №5 автобус бағыты батыстан шығысқа қарай Ломов көшесінен М. Жүсіп – Ак. Шөкин – Катаев – Ломов көшелері арқылы жүреді. Кері бағыттағы сызба өзгеріссіз қалады (бекітілген);
  • №17 автобус бағыты батыстан шығысқа қарай Ломов көшесінен М. Жүсіп – Ак. Шөкин – Н. Назарбаев даңғылы арқылы жүреді. Кері бағыттағы сызба өзгеріссіз қалады (бекітілген);
  • №57 автобус бағыты оңтүстіктен солтүстікке қарай М. Жүсіп көшесімен тіке жүріп, Ломов көшесіне кірмей, Ак. Шөкин көшесіне бұрылып, Н. Назарбаев даңғылына шығады. Кері бағыттағы сызба өзгеріссіз қалады (бекітілген);
  • №003 кіші автобус бағыты оңтүстіктен солтүстікке қарай М. Жүсіп көшесімен Ломов көшесіне кірмей, М. Жүсіп – Ак. Шөкин – Катаев көшелері арқылы жүреді. Кері бағыттағы сызба өзгеріссіз қалады;
  • №21 және 22 автобус бағыттары батыстан шығысқа қарай Ак. Шөкин көшесімен М. Жүсіп – Құдайбердіұлы – Нұркин – Жаяу Мұса – Н. Назарбаев даңғылы арқылы жүреді. Кері бағыттағы сызба өзгеріссіз қалады (бекітілген);
  • №24 автобус бағыты солтүстіктен оңтүстікке қарай Н. Назарбаев даңғылымен Ак. Шөкин – М. Жүсіп – Құдайбердіұлы – Нұркин – Жаяу Мұса – Н. Назарбаев даңғылы арқылы жүреді. Кері бағыттағы сызба өзгеріссіз қалады (бекітілген);
  • №153 кіші автобус бағыты солтүстіктен оңтүстікке қарай Катаев көшесімен Н. Назарбаев даңғылы – Катаев көшелерінің қиылысында айналып, Жаяу Мұса көшесіне шығады. Кері бағыттағы сызба өзгеріссіз қалады (бекітілген);
  • №10 және 11 автобус бағыттары шығыстан батысқа қарай Амангелді көшесімен Катаев – Ак. Шөкин – Ак. Сәтбаев көшелері арқылы жүреді (Ломов және М. Жүсіп көшелеріне кірмейді). Кері бағыттағы сызба өзгеріссіз қалады;
  • №27 автобус бағыты солтүстіктен оңтүстікке қарай Н. Назарбаев даңғылымен Ак. Шөкин – Катаев – Ломов – Қамзин – Амангелді – Катаев – Н. Назарбаев даңғылы арқылы жүреді. Кері бағыттағы сызба өзгеріссіз қалады;
  • №55 автобус бағыты шығыстан батысқа қарай Амангелді көшесімен Катаев көшесіне кіріп, Катаев – Н. Назарбаев даңғылы қиылысында айналады. Кері бағыттағы сызба өзгеріссіз қалады (бекітілген);
  • №115 автобус бағыты солтүстіктен оңтүстікке қарай Катаев көшесімен Амангелді көшесіне кірмей, Катаев көшесімен Н. Назарбаев даңғылына шығады. Кері бағыттағы сызба өзгеріссіз қалады (бекітілген).