Павлодарда қиылыста бағдаршам өшірілді

Павлодарда қиылыста бағдаршам өшірілді

Қозғалысты реттеу құрылғысы жөнделуде, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінде жүргізушілерге  жолда мұқият болуға кеңес береді.

Трансформаторлық қосалқы станцияны жөндеуге байланысты 5 сәуірде Шөкин және Сәтбаев көшелерінің қиылысында бағдаршамдар сөндірілді.  

Жұмыс сегіз сағатқа – сағат 17:00-ге дейін созылады.