Павлодарда ширек ғасырға жуық ұстаздық еткен білім ардагерлері марапатталды
Облыс орталығындағы 300-ден астам мұғалімге ҚР Білім министрінің Алғыс хаты табысталды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Қалалық білім бөлімінің мәлімдеуінше, Аманжол Шамкенов атындағы мектеп-лицейінде «Қалалық кәсіподақ ұйымы» ҚБ филиалымен бірлесіп білім саласында ең кемі 30-40 жыл тіпті одан да көп уақыт еңбек еткен ардагер педагогтерге құрмет көрсетілді.
Мәселен, қаладағы 324 педагог ҚР Білім министрі Ғани Бейсембаевтың Алғыс хаттарымен марапатталды.
- Марапатталғандардың қатарында білім беру бөлімінің ардагерлері, мектептердің, мектепке дейінгі және мектептен тыс ұйымдардың басшылары, қала мектептерінің ардагерлері бар, - делінген хабарламада.
Ал Павлодар қаласының білім бөлімінің басшысы Қуаныш Қыдыралин ұстаздарға мамандыққа адалдығы, қаланың, облыстың және республиканың білім беру жүйесін дамытуға қосқан елеулі үлесі үшін ризашылығын білдіріді.
Салтанатты шара ардагерлерге лайықты демалыста жүрген әріптестерімен, басшыларымен кездесуге мүмкіндік берді. Марапатталғандар білім министріне, білім бөлімінің басшылығына еңбекке жоғары баға бергені үшін алғыстарын білдірді.