Павлодар облысында оқушылар арасында өткен «Шоң би» оқуларының үздіктері анықталды
Байқау үш аталым бойынша өтті, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Ұлы Даланың ұлы есімдері» жобасын негізінде «Кереку билер алқасы» қоғамдық бірлестігі мектеп оқушылар арасында «Шоң би» облыстық оқуын ұйымдастырды.
- Шоң би оқуларын ұйымдастырудағы басты мақсат - Ертіс-Баян өңірінің атақты тарихи тұлғаларын көпшілікке насихаттау әрі олардың қазақ халқының тарихи тағдырына, мемлекеттілікті қалыптастыруға қосқан еңбектерін жас буынға таныстыру. Сонымен қатар, жас ұрпақты бабалар есімін мақтан тұтуға баулу, оқушылардың шығармашылық және зияткерлік қабілеттерін дамытуға жағдай жасау, - делінген хабарламада.
«Шоң би» облыстық оқуларына Павлодар, Екібастұз, Ақсу қалалары мен Ақтоғай, Баянауыл, Железин, Тереңкөл, Павлодар және Железин аудандарынан барлығы 30 бала қатысты.
4 жылдан бері қатарынан ұйымдастырылып келе жатқан байқауға қатысушылар «Эссе жазу», «Арнаймын жыр маржанын бабаларға» ақындар мүшайрасы және «Шоң бидің өмірі мен қызметіне байланысты тест сұрақтары» секілді 3 кезең бойынша сынға түсті.
Байқау қорытындысында тест бойынша 1-орынды Тереңкөл ауданы Береговая орта мектебінің 9-сынып оқушысы Фатима Самарбек иеленсе, 2-орынға Екібастұз қалалық "Зерде"лицей мектебінің 10-сынып оқушысы Зарина Қайырова тұрақтады. Ал 3-орын Павлодар ауданы Ямышев орта мектебінің 9-сынып оқушысы Іңаәр Таңжарыққызына бұйырды
Эссе бойынша "Білім инновация" мектеп интернаты 9-сынып оқушысы Ералы Бүркітбаев үздік атанса, Алтынсарин интернатының 9-сынып оқушысы Индира Мағауияның эссесі екінші орынға лайықты деп танылды. Ал облыстық көпсалалы лицей интернатының 10-сынып оқушысы Мәлина Шамшидова 3-орынға ие болды.
Сонымен қатар, ақындар мүшайрасында Ақсу қаласы Гагарин орта мектебінің 8-сыныпоқушысы Еркебұлан Тіленіш өза шапса, Жас Дарын лицей мектебінің 9-сынып оқушысы Мүсілім Макаров екінші орынға лайық болса, Алтынсарин атынлағы гимназия интернатының 9-сынып оқушысы Асылбек Ерсін үшінші орыннан табылды
Айта кетелік, Шоң би Едігеұлы (1754-1836 жж., қазіргі Павлодар облысы Баянауыл ауданында туған) қазақтың көрнекті биі, Баянауыл сыртқы округінің Аға сұлтаны, «Төртуыл» одағының төбе биі, ХІХ ғасырдың басындағы Ертіс-Баян өңірінің тарихында ел билеген, өнегелі ісімен өшпестей із қалдырған Ұлы Даланың тарихи тұлғасы.