Павлодарда жетім балаларға футбол мерекесін ұйымдастырды

Павлодарда жетім балаларға футбол мерекесін ұйымдастырды

«Спорт сити» кешенінің манежінде балалар үйлерінің тәрбиеленушілеріне арналған футбол фестивалі өткізілуде, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

УЕФА бағдарламасы аясында ұйымдастырылған іс-шараны Қазақстан футбол федерациясы өткізуде. ҚФФ жаппай футбол менеджері Наталья Горенко айтып өткендей, Павлодар фестиваль өткен екінші қала, біріншісі Қостанайда болды.

- Елдің барлық өңірлерін қамтуды жоспарлаудамыз. Мақсат – бес және 17 жас аралығындағы балалар мен жасөспірімдер арасында футболды насихаттау. Балаларға мереке сыйлауға тырысудамыз: мұнда олар футболдың не екендігін түсініп, кәсіпқойлардан қолтаңба алып, тіпті оларға қарсы ойнай алады, - дейді Наталья Горенко.

Елдің бас футбол органының өкілі фестивальді ұйымдастыруға деген жоғары бағасын беріп, қолдау білдірген жергілікті филиалға алғыс айтты.

Фестивальге Павлодар және облыс елді-мекендерінен бес балалар үйінен 100-ден астам бала қатысты. Олардың арасында Аймақтық өмірлік қиын жағдайдағы балаларды қолдау орталығының тәрбиеленуші Арина Дубовицкая да бар.

- Қыз болсам да, футболды сүйемін. Оған 12 жаста құмарттым. Достарыммен футбол ғана ойнайтынбыз. Орталықта да ойнаймыз. Бүгін бәрі қызық өтуде. Менің футболмен айналысуға деген ниетім пайда болды, - деді Арина Дубовицкая.

Арнайы жаттығудан кейін балалар «Ақсу» ФК ойыншыларына қарсы «Жұлдыздар матчына» қатысады. Матчқа Руслан Есімов, Мирас Тұрлыбек, Брайан Гарсия мен Луис Гедеш келеді деп уәде берді.

Фото: Наталья Зинченко