Бірінші лигадағы ең сымбатты футболшы «Ертіс» сапында ойнайды
Клуб ойыншылары арасында жүргізілген қысқаша сауалнаманың нәтижесі жария болды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Шағын сауалнаманы клубтың пресс-атташесі Айдана Рахымберлина жүргізді. Бойжеткен ең бірінші футболшылардың шаш үлгісі туралы сауал жолдаған еді.
- Тима Байжановтікі шығар, - деп жауап берді командаға жаңадан келген Еркебұлан Нұрғалиев. – Тима – Бірінші лигадағы ең сымбатты ойыншы ғой.
Екінші респондент Владимир Воменко болды. Тимур Байжановтың көптен бері әріптесі Еркебұлан Нұрғалиевтің пікірімен әбден келісті.
Алайда, «Ертіс» капитаны бұл пікірді жоққа шығарды. Тимур Байжанов өзін «Бірінші лигадағы ең сымбатты футболшы» деп санайтын әріптестерін өтірікші деп атады.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Тимур Байжанов 1990 жылы 30 наурызда Павлодар қаласында дүниеге келген, «Ертістің» футбол орталығының шәкірті. Ол өз командасынан бөлек Алматының «Қайрат», Семейдің «Спартак», Көкшетау «Оқжетпес», «Екібастұз» және «Ақсу» командаларында өнер көрсетті. Өткен жылы ол «Ертіс» сапында 22 кездесу өткізіп, алты гол соққан. Ойын позициясы шабуылшы.
«Ертістің» алғашқы оқу-жаттығу жиыны 15 қаңтарда басталды. Ақпан айында команда Ташкентке жол тартып, жаңа маусымға дайындықты Шымкентте аяқтайды.