Павлодардың бірнеше шағын ауданында масаға қарсы өңдеу жүргізіледі
Осыған байланысты тұрғындарға өңдеу жүргізілетін аумақтарға уақытша бармау ұсынылды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің мәліметінше, жұмыстар 8 маусым сағат 23:00-де басталып, 9 маусым сағат 3:00-ге дейін жалғасады.
Дезинсекция Жаңаауыл, Элеватор, Лесозавод, Хромзавод, Радиозавод, Зеленая роща және Зеленстрой шағын аудандарында жүргізіледі. Сондай-ақ «Конституция», Ардагерлер, академик Қаныш Сәтбаев, «Орталық», «Оңтүстік» және Назарбаев зияткерлік мектебінің жанындағы скверлерде өңдеу жұмыстары жоспарланған.
Бұдан бөлек, Дачный шағын ауданы, «Балалық шақ» сквері, Гагарин саябағы, Металлургтер саябағы, Жеңіс саябағы және Оңтүстік су алу орны қамтылады.