Жасыбай жағалауын абаттандыру қашан аяқталады?

Фото: Валерий Бугаев

Демалушылардың көптігіне қарамастан, Жасыбай көлінің жағалауындағы жұмыстар жедел қарқынмен жалғасып жатыр, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Қазір аумақта жөндеу, қайта жаңғырту және жағалау аймағын кешенді абаттандыру жұмыстары жүргізілуде.

Баянауыл ауданы әкімдігі мамандарының мәліметінше, ашық конкурс қорытындысы бойынша мердігер ретінде «Гидропром» ЖШС анықталған. Жобаның жалпы құны 1 миллиард 127 миллион теңгені құрайды.

– Жобаны қаржыландыру облыстық бюджет есебінен қарастырылған. 2026 жылға 672 миллион теңгеден астам, ал 2027 жылға 454 миллион теңгеден астам қаржы бөлінді. Бүгінде мердігер ұйымға келісімшарт сомасының 30 пайызы көлемінде аванстық төлем аударылды, – деп хабарлады аудан әкімдігінің өкілдері.

Құрылыс-монтаж жұмыстары қарқынды жүріп жатыр. Ескі нысандарды бұзу жұмыстары толық аяқталған. Футбол және волейбол алаңдарының қаңқалары орнатылып, олардың дайындығы шамамен 80 пайызға жеткен. Аумақты қоршау жұмыстары 70-80 пайызға орындалған. Үш санитарлық тораптың қаңқалары толық жиналған.

Мамандардың айтуынша, нысанға ВЛ-10 кВ электр желісі тартылып, қазір кешенді трансформаторлық қосалқы станцияны орнатуға дайындық жүріп жатыр. Фудкорт нысандарының бірі салынды, медициналық пункттің қаңқасы толық дайын. Сондай-ақ террассалық құрылымның қаңқасы орнатылған. Террассалық тақтайларды жеткізу шамамен 5 шілдеге жоспарланған.

Көлеңкелі шатырлардың іргетастары толық дайын. Ағаш конструкцияларды монтаждау жұмыстары шамамен үштен бір бөлігіне орындалған. Нысанға тротуарлық төсеніштер жеткізілді. Сонымен қатар 40 жүк көлігімен шамамен 1300 тонна өзен құмы тасымалданды. Жақын арада тағы 120 көлік құм жеткізеді деп күтілуде. Бұдан бөлек, төрт бақылау мұнарасының қаңқалары дайындалған, ал кабель өнімдері толық көлемде құрылыс алаңына жеткізілген.

Қазір нысанда 45-тен астам жұмысшы еңбек етіп, төрт техника жұмылдырылған.

Жұмыстың негізгі бөлігін туристік маусым ашылғанға дейін аяқтау жоспарланып отыр. Одан кейін мердігерлер абаттандыру элементтері мен шағын сәулет нысандарын орнатуды жалғастырады. Бұл жұмыстар демалушыларға қолайсыздық туғызбайды және туристік аймақтың жұмысына кедергі келтірмейді.

Жасыбай жағалауында екі фудкорт аймағы, дәмхана, футбол және волейбол алаңдары, балалар ойын алаңы пайда болады. Демалушылар үшін алты киім ауыстыратын кабина, төрт құтқару бекеті, төрт душ кабиналары, сондай-ақ шезлонгтар мен көлеңкелік саңырауқұлақтар орнатылады. Абаттандыру тұжырымдамасы бойынша бұл аумақ Сабындыкөл жағажайына ұқсас болады.

Павлодар облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы туризм бөлімінің басшысы Руслан Нұрбековтің айтуынша, туристік инфрақұрылымды жаңарту жұмыстары Мемлекет басшысының тапсырмасы аясында жүргізіліп жатыр.

– Мемлекет басшысының туристік нысандарды тиісті жағдайға келтіру жөніндегі тапсырмасы аясында 2025 жылы туристік инфрақұрылымға мониторинг жүргізілді. Сонымен қатар, Сабындыкөл жағажайын абаттандыру және шолу алаңын салу бойынша екі ірі жоба жүзеге асырылды, – деді Руслан Нұрбеков.

Туристік маусымның нақты ашылу күні әзірге белгісіз.

– Қазір жазғы маусымды ұйымдастыру және «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясындағы экологиялық сенбілікті өткізу бойынша конкурстық рәсімдер аяқталуға жақын. Жеңімпаз анықталғаннан кейін, шамамен осы немесе келесі аптада маусымның ашылу күнін жариялауды жоспарлап отырмыз, – деді Руслан Нұрбеков.

Сонымен қатар, Баянауылда туристерді қабылдауға арналған заманауи визит-орталықтың құрылысы жалғасуда. Болашақта ол өңірдің жаңа тартымды туристік нысандарының біріне айналады.

Жасыбай жағалауын абаттандыру қашан аяқталады