Павлодарлық жас әншілер республикалық байқаудың жеңімпаздары атанды

Павлодарлық жас әншілер республикалық байқаудың жеңімпаздары атанды
Фото: Шаңырақ орталығы

Олар басқа елдерде өтетін кезеңдерде ел намысын қорғамақ, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Павлодарда «Zhuldyz art Kazakhstan» халықаралық конкурсы өтті. Хореография, вокал және аспаптық өнер бойынша өткен байқауға «Шаңырақ» орталығының «Жас қанат» эстрада студиясының бір топ жас әншісі қатысып бас жүлдені қанжылады. 

Топ құрамындағы Айнель Лятина, Малика Аяғанова, Аяжан Зубаирова өз жас шамалары бойынша үздік шығып, қазылар алқасының шешімімен гран-при жүлдесін ұтып алды. 

Жеңімпаздар Түркия, Өзбекстан және Қырғызстан елдерінде өтетін байқауға тегін қатысуға мүмкіндік беретін жолдамаларға, арнайы кубоктарға және дипломдарға ие болды.

Айта кету керек, «Жас қанат» эстрада студиясының жетекшісі - Айгүл Қалтаева.