Павлодарлық кәсіпкер: Бір ертоқымды миллион теңгеге саттым

Павлодарлық кәсіпкер: Бір ертоқымды миллион теңгеге саттым
Фото: Константин Шелков

Үздік тауарлардың көрмесіне 50-ге жуық кәсіпкер қатысты, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

«Крендель» банкет залында өткен дәстүрлі «Қазақстанның үздік тауарлары» байқау-көрмесі ұйымдастырылды. Бұл байқауда өңірдің 45 кәсіпкері бақ таластырды. Көрмеге сүт, ет өнімдері, былғарыдан жасалған бұйымдар, қолдан тігілген киімдер, әшекейлер сынды тауарлар қойылды. 

– Осы жылы 45-тен астам кәсіпкер өз тауарларын ұсынды. Көрмеміз бүгінгі таңда дәстүрге айналған байқауға айналды. Байқау-көрмесі үш аталым бойынша өтеді: «Өндірістік мақсаттағы үздік тауарлар», «Халыққа арналған үздік тауарлар», «Үздік азық-түлік тауарлары». Әр номинация бойынша үш орын беріледі. Арнайы эксперттер арқылы жеңімпаз анықталатын болады, – дейді Павлодар облыстық кәсіпкерлік палатасы директорының міндетін атқарушы Мүбәрак Жақыпов.

Бұл байқауға былтыр жеңімпаз атанған кәсіпкерлер де қатысқан. Ол республикалық көрпмеге жолдама алып, байқауға қатысып келген еді. 

–  Өткен жылы облыстан келген кәсіпкерлдердің арасындаөткен байқауда жеңімпаз атанғанбыз. Биыл тағы бақ сынап көрмекпіз. Біз сүт өнімдерінен табиғи түрлі тәтті-дәмді тауарлар шығарамыз. Жұмыс джасап келе жатқанмызға 3 жылға жуық уақыт болды. Бүгінгі таңда біздің фелиалдарымыз еліміздің 5 қаласында бар. Сонымен қатар, Қазақстан бойынша тауарларымызға сұраныс артуда. Тіпті Қырғызстан елінен де сұраныстар түсуде, – дейді Марина Рейдина. 

Көрмеден ұлттық нақыштағы былғарыдан жасалған бұйымдар да орын тапты. Қолөнершінің айтуынша ең қымбат бұйымын 1 миллион теңгеге сатқан. 

- Мен былғарыдан ертоқым, белбеу, етік, туфли сынды тауарлар жасаймын. Қыста етіктеріме сұраныс көбейген еді, жазғы аяқ киімдерді алушылар аз. Бүгінгі көрмеге ертоқымымды да ала келдім. Ең қымбатқа бағалаған ертоқымым күміспен әшекеленіп, тастармен безендірілген болатын. Оны 1 миллион теңгеге сатып алды,- дейді кәсіпкер Бейбіт Көбікбаев. 

Байқау қорытындысы бойынша, «Өндірістік мақсаттағы үздік тауарлар» номинациясын «Қазэнергокабель» АҚ «Проманалит» ЖШС, «Песчан жөндеу-механикалық зауыты» ЖШС алды. 

«Песчан жөндеу-механикалық зауыты» номинациясысын «Молком – Павлодар» ЖШС, «ECO CITY Pavlodar», «Айсберг – ПВ» ЖШС алд. 

Ал «Халыққа арналған үздік тауарлар» номинациясын «РУБИКОМ» ЖШС, «Мерусар и К» ЖШС, «Turkey PVL» ЖШС иеленді.