Павлодарлық жаттықтырушыға лайықты құрмет көрсетілді

Павлодарлық жаттықтырушыға лайықты құрмет көрсетілді
Фото: туризм және спорт министрлігінен

Марапатты  туризм және спорт министрі табыстады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Атаулы мерекеге орай туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов аталмыш саланың қызметкерлерін құттықтады. Сөзінде Қазақстанның халықаралық аренадағы жетістіктері көп жағдайда олардың күнделікті еңбегінің нәтижесі екенін атап өтті.

– Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев спорт пен туризмді дамытуға ерекше көңіл бөледі. Бұл салалар ұлт денсаулығын нығайтуда, жастарды тәрбиелеуде, өңірлердің әлеуетін ашуда және Қазақстанды халықаралық аренада танытуда маңызды рөл атқарады.  Осы бағыттардағы барлық жетістіктің артында сіздердің күнделікті еңбектеріңіз тұр. Әрқайсыңыз спортты дамытуға, туризмді ілгерілетуге және еліміздің имиджін нығайтуға өз үлестеріңізді қосып келесіздер. Іске адалдықтарыңыз, кәсібиліктеріңіз және жоғары жауапкершіліктеріңіз үшін алғыс айтамын, – деп атап өтті министр.

Жоғары дәрежедегі марапатқа ие болғандардың арасында павлодарлық жаттықтырушы да бар. Ол – облыстық жоғары спорт шеберлігі мектебінің конькимен жүгіру спортынан жаттықтырушысы Людмила Прокашева.

Сонымен қатар, елімізде спорт және туризм саласының дамуына үлес қосып жүрген бірқатар азамат «Құрмет», «Еңбек ардагері», «Дене шынықтыру мен спортты дамытуға сіңірген еңбегі үшін», «Спорт саласының үздігі» және «Туризм саласының үздігі» төсбелгісімен марапатталды.