Павлодарда футболдан қысқы чемпионат басталды
Алғашқы ойындар өтті, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Павлодарда әуесқой командалар арасындағы қысқы қалалық футбол чемпионаты басталды. Турнирге екі топқа бөлінген он команда қатысуда. Барлық матчтар «Жұлдыз» стадионында өтіп жатыр.
«А» тобындағы алғашқы матчтарда «Медик» «Ертіс 2009» командасын 3:0 есебімен жеңді, ал «Аламан» «Ертіс» жасөспірімдер спорт мектебін 2:1 есебімен жеңді. «В» тобында «Ертіс 2008» түлектері «Рахатты» 4:1 есебімен жеңді, ал СШИКОР «Акбетті» 1:0 есебімен ұтты.
Екінші тур ойындары 10 және 11 қаңтарда өтеді. Сол күндері бірінші турға қатыспаған «Нардос» пен «Юность» жарысқа түседі.