«Екібастұз» шетелдік футболшыны сапқа қосты
Ол шабуылшы позициясында ойнайды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Футбол клубының Instagram желісіндегі ресми парақшасында Оңтүстік Кореядан келген Ким Чан У есімді ойыншының келісім-шартқа отырғаны туралы ақпарат жарияланды. Клуб мәліметтері бойынша, ойыншы осыған дейін Кореяның екінші деңгейлі «Кей лиги 2» дивизионында ойнайтын «Кимпхо» командасында доп тепкен.
Футболшы 1999 жылы 6 қарашада туған. Оңтүстік Кореяның жастар құрамасына шақыртылған.
Бүгін оның жаңа командасы өз алаңында «Астананың» жастар командасын қабылдайды. Валерий Белгібаев шәкірттері Бірінші лига кестесінің 12-орнында келеді.
Фото: «Екібастұз» ФК