«Pavlodar» шешуші турды жеңіспен бастады

Павлодарда волейболдан Ұлттық лига ерлер командалары арасындағы чемпионаттың тағдыры шешілуде, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Соңғы төртінші турдың алғашқы ойынында павлодарлықтар «Таразбен» кездесті. Соңғы жылдары оңтүстіктіктерге қарсы ойындар қиянкескі текетірес сипатына ие болды. Бұл жолғы кездесу да аса тартысты өтті.
Бірінші сет қонақтар пайдасына шешілді. Есеп жамбылдықтардың пайдасына 24:23 болып тұрғанда павлодарлық Виктор Сысоев қонақтар алаңының шетіне допты бағыттады. Бастапқыда төреші эйс тіркеп, павлодарлықтарға ұпай берді, бірақ бейнеқайталауды қарап шыққан соң, ұпай «Таразға» берілді.
Екінші кезеңде Сергей Грибовтың шәкірттері қонақтарды қапыда қалдырды – 25:19. Үшінші сетте тағы да шайқас орын алды, бұл жерде шешуші соққы тағы Виктор Сысоевқа бұйырды. Бұл жолы павлодарлық бірінші кезеңдегі сәтсіздігі үшін есесін қайтарды: оның соққысы блокқа тиіп жерге түсті – 25:23.
Төртінші сетті тағы да павлодарлықтар 25:19 есебімен жеңді. 18 ақпанда команда «Жетісумен» кездеседі. «Баянтау» спорт сарайында өтетін ойын сағат 18:30-да басталады.