Павлодарлықтар үйдегі интернет желісін онлайн түрде қоса алады

Павлодарлықтар үйдегі интернет желісін онлайн түрде қоса алады
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Әзірге сервиске «Қазақтелеком» АҚ байланыс операторы қосылған, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі баспасөз қызметінің мәліметінше, eGov Mobile мобильді қосымшасының көмегімен үй интернетін қосу мүмкіндігін беретін жаңа сервисті ұсынады.

Бұл инновациялық сервис «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ-мен бірлесе әзірленді және азаматтарға eGov Mobile мобильді қосымшасы арқылы Интернетті қосуға оңай өтініш беруге мүмкіндік береді. Өтініш беру процесі операторларға автоматты түрде жіберіледі, сонымен қатар қажетті желілік инфрақұрылымның болуын тексеруді қамтиды, – дейді баспасөз орталығында.

Қазіргі уақытта сервиске «Қазақтелеком» АҚ байланыс операторы қосылған және жақын арада қазақстандықтарға тарифтердің барынша кең таңдауын қамтамасыз ету үшін басқа операторлар да қосылады.

Қызметті пайдаланудың нұсқаулығы:

  • «Сервистер» – «Басқалар» бөліміне өтіп, «Интернетті қосу» тармағын таңдау;
  • «Маған қайта қоңырау шалу» түймесін басып, рұқсат беру;
  • қажетті тарифті таңдап, «Өтініш беру» түймесін басып, деректерді растау керек.

Өтініш бергеннен кейін өтініш нөмірі мен мәртені бақылау сілтемесі бар SMS жолданады.

Айта кету керек, егер азаматтың үйінде оптикалық желілер болмаса, оператор мамандары балама қосылым опцияларын ұсыну үшін бір сағат ішінде хабарласады.

Сұрақтар туындаған жағдайда оператордың байланыс орталығына хабарласу қажет.