Референдум: Дауыс беру жәшігімен үйге шақыруға бола ма?
Референдум күні учаскеге келе алмаудың түсінікті себебі болуы тиіс, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
ҚР Орталық референдум комиссиясының деректері бойынша, жалпы тәжірибе бойынша бұл санатқа ең алдымен, ауру, ауру отбасы мүшесіне күтім жасау, сондай-ақ референдум учаскелері құрылмаған шалғай және қатынау қиын аудандарда болу жатады.
Учаскелік референдум комиссиясына дауыс беру күні жергілікті уақытпен он екі сағаттан кешіктірмей, жазбаша түрде жүгінуге болады. Учаскелік комиссия жазбаша өтінішіңіз бойынша тұрған жеріңізде дауыс беруді ұйымдастыруы тиіс.