Сенбі күні Павлодар облысында жаңбыр жауады
21 қазанда облыстың басым бөлігінде түнде жауын-шашын күтіледі, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Қазгидрометтің мәліметінше, күндіз жаңбыр жауады.
Батыстан соққан желдің жылдамдығы секундына 15-20, күндіз облыстың солтүстігінде екпіні 23 метрді құрайды.
Ауа температурасы түнде +3..+8, күндіз облыстың оңтүстігінде +13 градус жылы болады.
Павлодар қаласында күн бұлтты болады, жаңбыр жауады. Батыстан соққан желдің жылдамдығы секундына 9-14, екпіні 15-20 метрге дейін барады.
Сынап бағанасы түнде және күндіз +5...+7 градус көрсетеді.