Павлодарда қазба жұмыстарынан кейін кінәлі тұлғалар жазаланды
Бүлінген абаттандыру элементтері қалпына келтірілмеген жерлерде рейдтер жүргізілуде, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Қалалық тұрғын үй инспекциясы және коммуналдық шаруашылық бөлімінің мәліметінше, 16 қазанда Бекқожин көшесі, 23, Ак.Сәтбаев көшесі, 245, Катаев көшесі, 24/1, Мәшһүр Жүсіп көшесі, 20/2, Лермонтов көшесі, 86, Ледовской көшесі, 41 аумақтарында зерттеу жұмыстарын жүргізілген.
– Жөндеуден кейін коммуналдық қызметтер бүлінген абаттандыру элементтерін қалпына келтірмеді. Осыған байланысты бөліммен кінәлі тұлғаларға әкімшілік шара қолдану үшін Павлодар облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасына материалдар жолданды, – деді бөлімде.
Айта кетерлігі, ағымдағы жылдың өткен кезеңінде құқық қорғау органдарымен бірлесіп, рұқсат құжаттарынсыз жер жұмыстары мен қазба жұмыстарын жүргізу кезінде жол қозғалысы қауіпсіздігін бұзу фактілері бойынша 66 әкімшілік хаттама толтырылды. Қазба жұмыстарынан кейін абаттандыруды қалпына келтіру бойынша уақытылы шаралар қолданбаған жеке және заңды тұлғаларға қатысты мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасына 48 материал жолданды.
Таңнұр Әленқызы