Сенбіде Павлодар облысында жаңбыр жауады

Сенбіде Павлодар облысында жаңбыр жауады
Фото: Константин Шелков

Желдің жылдамдығы кей жерде секундына 23-28 метрге дейін соғады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Қазгидрометтің мәліметінше, 18 қараша күні облыстың солтсүтік бөлігінде жаңбыр жауып, тұманды болады. Ауа температурасы күндіз +10...+15°C-қа дейін жылынады.

Павлодарда жауын-шашын жауады. Күндіз сынап бағанасы +12...+14°C-ты көрсететін болады. Желдің жылдамдығы секундына 9-14 метрге дейін жетеді.

Ал республика бойынша секундына 15-29 метрге дейін желдің күшеюі және тұман күтіледі. Солтүстік-батыс, солтүстік аймақтарда екпіні секундына 30 метр және одан да жоғары жел күтіледі.