Павлодарда халықаралық тенис турнирі аяқталды
Жарысқа түрлі елдерден 200-ден астам спортшы келді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
«Jenimpaz» үстел теннисі орталығында Ермек Китаевті еске алуға арналған республикалық турнир мәреге жетті. Оған Қырғызстан, Ресей, Өзбекстан, Қазақстан елдерінен жиналған 220 спортшы қатысты.
Байқау қорытындысы бойынша 16-39 жас санатындағы ерлердің арасында өткен жарыста ресейлік Денис Ивонин үздік деп танылса, әйелдер арасында ресейлік Влада Воронина бірінші орынды иеленді.
Ал 50-59 жас санатындағы ерлер арасында өткен жарыста бірінші орын Ресейдің Архангельск қаласынан келген Алексей Хорьковқа бұйырды. Осы жас санаты бойынша әйелдер арасында алматылық Валентина Успанова бірінші орынға табан тіреді.
50-59 жас санатында алматылық Игорь Медведев үздік деп саналса, әйелдер арасында ресейлік Евгений Кацеленбоген қарсыластарын ойсырата жеңіп, жеңіс тұғырынан көрінді.