ЖИ және планшет: Павлодарда іздестіру жұмыстары жаңа деңгейге шықты

Жаңа технологиялардың арқасында құтқарушылар кез-келген жерде штаб құрай алады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Департаментте Organic Maps қосымшасы енгізілді. Оның арқасында барлық қажетті деректер бұлтты жүйеге енгізіліп, сақтала бастады. Бұл ұйым жұмыскерлерін бос қағаздық жұмыстан босатты.
—Қосымша арқылы құтқарушылар өрт кезінде жақын маңайдағы гидронттарды бірден тауып ала алады. Бұрындары бұл жұмысты жасау үшін бірнеше құжаттарды іздеп, карталармен сәйкестендіру жұмыстарын жүргізу керек еді. Қазір тек бір планшет жеткілікті, — деді басқарма басшысының орынбасары.
Бұған дейін, мекемеде «ЭВАК» жүйесі енгізілген еді. Ол көлік апаты жайында ақпаратты құтқарушыларға, полиция және басқа қызметтерге автоматты түрде хабар жібереді.
Сонымен қатар, мекеме арсеналында командалық-штабтық машиналары, дрондар бар. Оның арқасында қызметкерлер кез-келген жерде штабты ұйымдастырып, онлайн байланыс жұмыстарын қамтамасыз ете алады.
Департамент технологиялардан басқа жаңа техникалармен қамтамасыз етілуде. Мысалы, әрбір жұмысшының каскасына экшн-камералар орнатылды.
—Олардың арқасында біз эвакуация жұмыстарының сапасын бағалай аламыз. Кейін ол бейнематериалдар тренингтерде қолданылады, — деп пайымдады Қайрат Шаймарденов.
Облыстық төтенше жағдайлар департаменті басшысының орынбасары Қайрат Шаймарденнің сөзінше, эхолаттар батып кеткен немесе су астында жоғалған заттарды іздестіруде таптырмас құрал.
—Гидроакустикалық құрылғы — эхолот ерекше назар аударуға тұрарлық. Оны қолдану арқылы құтқарушылар құнды уақытты сақтап қана қоймай, жұмыстарды тездетуге мүмкіндік береді, — деп пайымдады Қайрат Шаймарденов.
Алдағы уақытта мамандар жасанды интеллекке негізделген сарапшыны, VR тренажерларын енгізуді жоспарлап отыр.