Павлодар облысында инвестициялар көлемі артуда
Жыл басынан бері облыс экономикасына 235 миллиард теңге инвестиция тартылды, деп хабарлайды @Рavlodarnews.kz.
Бұл туралы облыс әкімі Асайын Байханов ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өтіп жатқан баспасөз конференциясында мәлім етті.
– Бұл өткен жылмен салыстырғанда 30%-ға көп. Жалпы, көлемі 2 триллион теңгеден астам, ауқымды 113 инвестициялық жоба іске асырылуда. Нәтижесінде 7 мыңнан астам жаңа жұмыс орнын ашу көзделіп отыр, – дейді Асайын Байханов.
Сондай-ақ облыс әкімінің сөзінше, электр энергиясы мен көмір өндіру, химия өнеркәсібі, мұнай өңдеу және машина жасау көлемі сенімді түрде артып келе жатқанын атап өтті.
Естеріңізге сала кетейік, аймақ басшысы өңірдің барлық әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштері оң динамикаға ие екенін атап өткен болатын.
Фото: Константин Шелков