Түркияда зілзаладан зардап шеккендер саны 34 мыңнан асты, тағы да жер сілкінді
Түркиядағы екі жойқын жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 5834-ке жетті, 34 810 адам жарақат алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Анадолу агенттігіне сілтеме жасап.
Түркия үкіметі жанындағы төтенше жағдайлардың алдын алу және жою басқармасы (AFAD) апат аймағындағы соңғы мәліметтерді жариялады.
Сонымен қатар бүгін жергілікті уақытпен түнгі сағат 03:22 Түркияда 4 балдық тағы да жер сілкінісі болды.
Еске салсақ, кеше Түркияда тағы 5,3 балдық зілзала тіркелді.
Қазақстан Төтенше жағдайлар министрлігінің құтқарушылары жер сілкінісі салдарын жоюға көмек көрсету үшін Алматыдан Түркияға аттанды.
Оның құрамында Қазақстанның республикалық жедел құтқару жасағының құтқарушылары, медициналық қызметкерлер және құтқарушы иттер бар.
Тиісті тапсырманы Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев берді. Борт бірінші кезекте
Түркия Президенті Режеп Тайып Ердоған елдің оңтүстік-шығысында болған жойқын жер сілкінісіне байланысты 12 ақпанға дейін жеті күндік ұлттық аза тұту жариялады.
Фото: www.aa.com.tr