Тегін қоғамдық көлік, концерт: Баянауылда сайлау көңілді өтуде
Баянауыл ауданындағы 39 сайлау учаскесінде саяси науқан қарқынды өтуде, деп хабарлайды Pavlodarnews.kz.
Аудан әкімдігінің мәліметінше, ҚР Парламенті Мәжілісінің және барлық деңгейдегі маслихат депутаттарын сайлауға сайлаушыларды дауыс беру учаскелеріне жеткізу үшін тегін қоғамдық көліктер ұйымдастырылған. Сонымен қатар, ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі мен концерттік бағдарламалар өткізілді.
– 90 жастан асқан 20 сайлаушы бар. Қарт сайлаушылардың қатарында 97 жастағы ҰОС ардагері Қайыр Хасенов, Павлодар облысы және Баянауыл ауданының Құрметті азаматы, «Қазақстан жазушылар одағының мүшесі» Зекебай Солтанбайұлы үйлерінен дауыс берді. Олардың басты тілегі – елдің тыныштығы мен бейбітшілік, – дейді әкімдікте.
Айта кетейік, Баянауылда алғаш дауыс берушілер саны 67 адамды құрады. Оның ішінде бүгін 34 адамның туған күні.