Павлодар облысында мемлекеттік қызметкерлер 122 мәрте тәртіп бұзған
Заң бұзушылардан жарты миллионнан аса қаражат өндірілді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Бұл жайлы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Мемлекеттік қызмет саласындағы бақылау басқармасының басшысы Руслан Иманқұлов мәлім етті.
– Ай сайынғы мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің түсірілімін қарау және қашықтықтан мониторинг жүргізу нәтижесінде 122 заңнама бұзушылық анықталып, 12 лауазымды тұлға тәртіптік жауапкершілікке, ал 10 лауазымды тұлға әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 465-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды,- дейді Руслан Иманқұлов.
Жауапқа тартылғандардың ішінде, 7 тұлға 465 бабының 1-бөлігі бойынша (рұқсат беру мерзімін бұзғаны үшін), 3 лауазымдық тұлға 465-бабының 3-бөлігі бойынша (жыл ішінде рұқсат беру мерзімін қайта бұзғаны үшін) жазаланды.
Нәтижесінде бюджетке жалпы сомасы 500 250 теңге қаражат өндірілді.