Наурыз неден басталды

Наурыз неден басталды

Ұлыстың ұлы күнінің тарихы тереңнен бастау алады. Бұл туралы @Pavlodarnews.kz материалында.

Әбден орныққан версия бойынша Наурыз немесе Навруз ежелгі Иран діні – зороастризмнің мерекесі болып есептеледі. Ғалымдардың көпшілігі оның ирандық шыққан тегіне күмән келтірмейді. Олардың пікірінше, мереке Ахеменид сосын Парсы империясына жатқан немесе оның ықпалында болған елдерге тарады. 

Иран аңыздарына сәйкес, бұл күні Тұран патшасы Афрасиаб қолынан қаза тапқан ирандық Сиявуштың жерлеу рәсімі өтті. Ирандықтар тұрандықтар деп Орта Азияның далалық халқын атағанын ескерсек, Наурызда ирандықтар түркілерден қаза тапқан бабасын еске алады деген қорытынды шығаруға болады. Алайда ғалымдардың көбі тұрандықтар мен түркілер арасында ешбір байланыс болмаған дегенді барынша дәлелдейді. 

Мереке пайда болуының басқа да версиялары бар. Соған үңілейік. Мысалы, жазушы Олжас Жанайдаров көне Жаңа жыл туралы былайша пікір тарқатады. 595-594 жылдары Мидия патшасы Киаксар скиф қолбасшыларын қонаққа шақырады.

Меймандар ішімдік пен тамаққа әбден тойғанын күткен мидиялықтар оларды біртіңдеп қырып салған. Содан бастап Таяу Шығыста күн мен түн теңестін осы күн Сахея немесе Навруз тойланатын болған. Парсылар бұл күнді сақ қолбасшыларынан құтылған күн деп тойлайды.

Түркияда Наурызды түркілердің Алтайдағы Ергенекон аңғарынан шыққан күн деп есептейді. Аңызға сәйкес, көктүріктер тауды қопарып, ата-баба жеріне қайта оралған күнді мереке деп тойлаған. Қағандар темірді отқа қыздырып, балғамен соғады. Мереке басталып, түркілер Алтайда тұрған кезін еске алады. Мысалы, Түркияда Наурыз әлі де солай мерекеленеді.

«Наурыз» сөзі жаңа дәуірдің басында атала бастайды, алайда оны тойлау рәсімі шамамен 550—330 жж. тіркелген. Иранда Наурыз күні от құрметіне құлшылық жасайды. Иран патшалары бас иген халықтардан сый-сыяпат қабылдайтын.

Ислам келгелі мерекеге кейбір жерде тыйым салынса, кейбір жерде Құран оқу және мұсылман қабірстандарындағы дұға оқу арқылы заңдастырылды. Қоғамымызда көпке дейін «Наурыз – мұсылман мерекесі» деген жалған пікір сақталды. Оны түсінуге болады. Наурыз түркі елдеріне ислам пайда болған елдерден келді, сол себепті Наурызды кейбіреулер мұсылман Жаңа жылы деп қабылдады.

Түркі елдерінде орныққаны сонша, Наурыз басқа көне мереке – Нартуған мейрамын шетке ығыстырды, тіпті жойды. Нартуған жылдың ең ұзақ түні желтоқсанда тойланған еді. Сол түні бабаларымыз күннің түнді жеңе бастағанын асыға күтіп, тілек айтып, дастархан жайған. Нартуған күннің түнді, жақсылықтың зұлымдықты жеңген күн деп қабылданды. 

Бір қызығы, Наурыздың христиан әлемінің бас мерекесі – Пасхамен көп ұқсастықтары бар. 

Мысалға атап өту уақытын алайық. Пасха көктемгі ай тұтылудан кейінгі бірінші жексенбіде тойланады. Ол күн мен түннің теңесуіне дейінгі бірінші ай тұтылу. Православ, католик пен тіпті протестант дәстүрі бойынша пасха көктемнің келуін белгілейді.

Екі мерекені атап өту салт-дәстүрінде де ұқсастықтар жоқ емес. Жоғарыда айтып өткеніміздей, кейбір түркі және иран халықтары Наурызда піскен жұмыртқаны бояйды. Жұмыртқа қадым заманнан бері жаңа өмірдің, тіршіліктің басы деп есептеледі. Пасхада да, Наурызда да үй-жай ретке келтіріледі.

Айта кетейік, 2009 жылдың 30 қыркүйегінде Наурыз ЮНЕСКО-ның адамзаттың материалдық емес мәдени құндылығы тізіміне еніп, 21 наурызды әлем бойынша Халықаралық Наурыз күні деп атап өтеді. 

Фото: ашық дереккөздерден