Усолка өзені бойында құрғақ шөп жануда
Өрттің шығуына тұрғындардың отты абайсыз қолдануы себеп болған, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Облыстық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, Оңтүстік су тоғаны аумағында Усолка өзенінің алқабындағы ашық аумақта 25 га құрғақ шөп жанды.
– Өрт болған жерге өтетін жол болмады. Өрт сөндіру қызметі мен апаттық құтқару жұмыстары қызметі өртті жаяу сөндіруде, – дейді департаментте.
Қазіргі уақытта ықтимал тәуекелдерді анықтау және сөндіру бойынша шаралар қабылдау үшін тұтану орнына және жалпы Усолка жағалауының ауданына қосымша аэровизуалды барлау жүргізілуде.
Оқиға орнына өрт сөндіру қызметі мен апаттық құтқару жұмыстары қызметінен төрт техника мен 15 адам жұмылдырылып, күзет ұйымдастырылды.