Павлодарда жолды рұқсат етілмеген бөлігінен өткен әйел адамды көлік қақты
Әйел адам ауруханаға жатқызылды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Облыстық полиция департаментінің мәлімдеуінше, Павлодар қаласында 31 наурыз күні Mercedes маркалы автокөліктің жүргізушісі С.Нұрмағамбетов көшесімен жүріп келе жатып, жолды тиісті емес жерден өтіп бара жатқан жаяу жүргіншіні қағып кетті.
- Жол-көлік оқиғасы салдарынан 59 жастағы әйел адам жарақат алып, ауруханаға жатқызылды. Медициналық куәландыру қорытындысы бойынша жүргізуші ішімдік ішпеген, - деді департаментте.
Полиция бұл факт бойынша тексеру жүргізіп жатыр және автокөлік арнайы айып тұрағына қамалған.
Фото: ашық дереккөздерден