Қасым-Жомарт Тоқаев Режеп Тайып Ердоғанды президент сайлауындағы жеңісімен құттықтады
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Режеп Тайып Ердоғанды Түркияда өткен президент сайлауының екінші кезеңіндегі жарқын жеңісімен құттықтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Елдерімізді тарихи достық және ынтымақтастық байланыстар біріктіреді. Осы жан-жақты ынтымақтастық стратегиясы одан әрі дами береді» деп жазылған Президенттің Twitter-дегі құттықтауында.
Айта кетейік, бұған дейін Түркиядағы президенттік сайлаудың екінші кезеңінде қазіргі президент Режеп Тайып Ердоған жеңіске жеткені хабарланған болатын.
Жоғары сайлау кеңесінің төрағасы Ахмет Йенердің мәліметінше, 99,43 пайз бюллетеньдерді санау қорытындысымен Режеп Тайип Ердоған – 52,14 пайыз, Кемаль Кылычдароглу 47,86 пайыз дауыс жинады.