Бразилияда әлемдегі ең үлкен жылан табылды

Бразилияда әлемдегі ең үлкен жылан табылды
Фото: pexels.com

Оның ұзындығы 8 метр, салмағы 200 келіге жуық, деп хабарлайды  Stan.kz ақпарат агенттігі The Sun басылымына сілтеме жасап.  

Жасыл анаконданы голландиялық жабайы табиғат бағдарламасының жүргізушісі профессор Фрик Вонк тапты. Табылған жылан осыған дейін ең үлкен деп келген түрге қарағанда әлдеқайда үлкен, бұрвнғысынвң ұзындығы орта есеппен 6 метр болатын. Осы уақытқа дейін Амазонкада жасыл анаконданың бір ғана түрі белгілі болды, оны алып анаконда деп те атады.

Eunectes akayima - Солтүстік жасыл анаконда. Ол туралы деректер 16 ақпанда Diversity ғылыми журналында жарияланған.

«Шындығында, бұл екі түрлі түр. Бір қарағанда, олар бірдей болыg көрінгенімен, олардың арасындағы генетикалық айырмашылық 5,5% құрайды, бірақ бұл өте көп. Мұны перспективада түсіндіру үшін адамдар мен шимпанзелер генетикалық тұрғыдан бір - бірінен шамамен 2% ерекшеленеді», – деді профессор Вонк.

Амазонка аймағы климаттың өзгеруіне және ормандарды кесуді жалғастыруға байланысты қатты қысымға ұшырады. Амазонканың бестен бір бөлігінен астамы жоғалып кетті, бұл Нидерландыдан 30 есе көп. Бұл таңғажайып алып жыландардың өмір сүруі табиғи ортаны сақтап қалуға тырысу мен қорғау жұмыстарының нәтижесі.

Квинсленд университетінің биологы және зерттеудің бірлескен авторы Брайан Фрай Солтүстік жасыл анаконда оңтүстікке қарағанда әлдеқайда әлдеқайда әлсіз екенін айтты.

Ғалымдар алғаш рет 15 жыл бұрын Жасыл анаконданың тағы бір түрі бар деп болжам жасаған еді. Бірақ қазір ғана  дерек расталды.