Ұлттық домбыра күні: Павлодарда филармония ұжымы өнер көрсетеді

Ұлттық домбыра күні: Павлодарда филармония ұжымы өнер көрсетеді
Фото: Константин Шелков

Шарада түрлі музыкалық топтар өнер көрсетеді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

«Ertis Promenade» сахнасында Павлодар облысының мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының қолдауымен Ұлттық домбыра күні мен Естай Беркімбайұлының 155 жылдығы, Иманжүсіп Құтпанұлының 160 жылдығы аясында Иса Байзақов атындағы Павлодар облыстық филармониясы шығармашылық ұжымдарының «Ұлы дала үні» атты мерекелік концерті өтеді.

Мерекелік кеште Рүстембек Омаров атындағы қазақ ұлт аспаптар оркестрі, «Шернияз» би ансамблі, «Нұр» би ансамблі, филармония солистері, республикалық байқаулардың лауреаттары –  Серік Рысбек, Алмас Мұқатай, Дәуренбек Слямғали, Әсел Ботаева, Жанболат Байсолтан өнер көрсетеді.

Мерекелік концерттің арнайы қонақтары: Республикалық Әміре Қашаубаев атындағы  байқаудың лауреаты Нұрболат Құсайынов, «Этно miх» ансамблі, ҚР еңбек  сіңірген қайраткерлері  Медет Салықов, Клара Төленбаева, «Тұран» этно-фольклорлық ансамблі.

Бағдарламада Айтқали Жайымов «Шалқыма», Сүгірдің «Бозінген», Медет Есбергенов «Елім-ай», Р. Бейсенұлы «Ғасырлар тоғысында» және халық композиторларының әндері мен күйлері орындалатын болады.

Еске сала кетейік, мерекелік іс-шара 2 шілде күні сағат кешкі 20:00-де өтеді.