11 шілде күні Павлодар облысында жауын-шашын күтілмейді

11 шілде күні Павлодар облысында жауын-шашын күтілмейді
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Желдің жылдамдығы шығыстан, оңтүстік-шығыстан секундына 9–14 метрге, күндіз облыстың кей жерлерінде екпіні 15–20 метрге жетуі мүмкін, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

«Қазгидромет» РМК мамандарының мәліметінше, Павлодар облысында жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. 

Түнде ауа температурасы +17…+22°C-қа, күндіз +28…+33°C-ке дейін көтеріледі деп болжануда. 

Павлодар қаласында көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз ауа райы сақталады.

Түнде ауа температурасы +18…+20°C-қа, күндіз +30…+32°C-қа дейін ыстық болады.