Павлодарда облыстық басқарма басшысы тағайындалды

Павлодарда облыстық басқарма басшысы тағайындалды
Фото: Валерий Бугаев

Облыс әкімінің өкімімен Сағын Төлеутаев Павлодар облысының жер қойнауын пайдалану, қоршаған орта және су ресурстары басқармасының басшысы болып тағайындалды, деп хабарлайды  @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Облыс әкімі баспасөз қызметінің мәліметінше, Сағын Сайранұлы 1988 жылы туған, жоғары білімді. 2010 жылы С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетін «Экология» мамандығы бойынша аяқтаған, жаратылыстану ғылымдарының магистрі дәрежесі бар.

2012-2016 жылдары С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің «Биология және экология» кафедрасында оқытушы болды.

Мемлекеттік қызметтегі еңбек жолын 2016 жылы Павлодар облысы жер қойнауын пайдалану, қоршаған орта және су ресурстары басқармасының жер қойнауын пайдалану бөлімінің бас маманы болып бастады, одан кейін 2019-2021 жылдары осы басқарманың жер қойнауын пайдалану бөлімінің басшысы болып еңбек етті.

2021 жылғы желтоқсаннан бастап осы уақытқа дейін Павлодар облысының жер қойнауын пайдалану, қоршаған орта және су ресурстары басқармасы басшысының орынбасары қызметін атқарды.