Екібастұзда драйв жасаған жүргізуші жазаланды

Екібастұзда драйв жасаған жүргізуші жазаланды
pexels.com

Ол екі бап бойынша айыппұл арқалады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, @up.ekibastuz инстаграмм парақшасының директіне Тойота Камри маркалы авкөлікте жүргізуші көлік құралының қозғалысы кезінде жол ережесін бұзғаны туралы видео жолданған. Осы бейнежазба бойынша полиция тексеріс жүргізді.

- Екібастұз қаласының патрульдік полиция ротасының қызмет инспекторлары 23 жастағы жүргізушіні анықтап, әкімшілік жауапкершілікке тартты. Бұзушыға қатысты жолаушылар мен жүктерді тасымалдау, қауіпсіздік белдіктерін пайдалану жөніндегі талаптарды сақтамағаны үшін ҚР ӘҚБтК 593-бабының 2 бөлігі бойынша және 595-бабының 2 бөлігі бойынша мұндай маневрлерге тыйым салынған орындарда кері жүріспен қозғалғаны үшін әкімшілік материалдар толтырылды. Тәртіп бұзушы 51.750 теңге көлемінде айыппұл арқалады, - делінген хабарламада. 

Айта кетейік, биыл Екібастұз полицейлері жолаушылар мен жүктерді тасымалдау, қауіпсіздік белдіктерін пайдалану бойынша талаптарды сақтамаудың 901 фактісін және маневр жасау ережелерін бұзудың 441 фактісін алдын алды.