13 ақпанда Павлодар облысында қар жауады

Күндіз боран соғады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Қазгидрометтің мәліметінше, оңтүстік-батыстан соғатын желдің күші секундына 15-20, күндіз екпіні 23-28 метрді құрайды.
Ауа температурасы түнде -8...-13, күндіз -3...-8 градус болады.
Павлодарда құбылмалы бұлтты, бұрқасын болады. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің күші 15-20, күндіз екпіні 23-28 метрді құрайды. Сынап бағанасы түнде -9...-11, күндіз -4...-6 градус көрсетеді.