Екі аяғы жансызданған: Павлодарда бірегей ота жасалды
Екібастұз қаласының тұрғыны көшеде құлап, жарақат алған, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
55 жастағы әйел адам Павлодар клиникасына омыртқаның ауыр жарақатынан кейін ауыр халде түскен. Науқас бір жыл шыдап жүрген, бірақ кішкене қимылдағанның өзінде адам төзгісіз ауырсынуды сезіне бастағаннан кейін ауруханадан көмек сұраған.
– Мен көшеде құлап қалған едім. Бір жыл амбулаторлық ем алдым, бірақ нәтиже болмады. Соңғы екі айда ауырсыну күшейіп, жүру өте қиын болды, табан аймағында аяқтарым жансыздана бастады. Павлодар облысының штаттан тыс бас нейрохирургінің қабылдауына жүгінуге тура келді. Бұдан кейін жоспарлы түрде портал арқылы жедел емделу үшін клиникаға жатқызды. Операция жеңіл өтті және ең бастысы тегін болды, – деп науқас алғысын білдіреді.
Клиниканың бас дәрігері, нейрохирург дәрігер А. Ысқақовтың айтуынша, әйел адам ауыр жағдайда бел омыртқааралық дискілердің зақымдануы және басқа бөлімдердегі радикулопатиясымен түскен. Мұндай операция аз травматикалық араласу болып табылады, жергілікті анестезиямен және арнайы жабдықтың бақылауымен жасалады. Сондай-ақ міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру аясында сәтті жүргізіледі.
– Бұрын бұл диагноз бойынша операциялар дәстүрлі әдіспен, хирургиялық кесумен жүргізілетін, бұл науқас үшін өте ауыр болды. Бізде ғана бұл операцияларды шағын инвазивті әдіспен - RHD (радиожиілік денервациясы), бірнеше пункция арқылы – радиожиілік инесімен жүргізіледі. Науқас төртінші күні оң неврологиялық динамикамен шығарылды және тұрғылықты жері бойынша оңалтуға жіберілді, – деді клиниканың бас дәрігері, нейрохирург-дәрігері А. Ысқақов.
«МӘСҚ» КЕАҚ Павлодар облысы бойынша филиалының директоры Жангелді Шаймбетовтің сөзінше, МӘМС жүйесінде сақтандырылған барлық пациенттерді жоспарлы емдеуге жатқызу тіркелген жері бойынша емхананың жолдамасымен жүргізіледі.
– Сақтандырылмаған пациент үшін бұл операцияның құны 318 мың теңгеге шығатын еді. Алайда міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі азаматтарға ең қиын жағдайларда да мамандандырылған медициналық көмек алуға мүмкіндік береді және қалпына келуіне ықпал етеді, – деді Жангелді Шаймбетов.
Еске сала кетейік, жуырда жергілікті дәрігерлер адам төзгісіз дерттің емін тапты. Әйелге құны 1,5 миллион теңгеден асатын операция жасалды. Шідерті ауылының тұрғыны Ирина Алехинаның ұзақ жылдар омыртқасы ауырып, остеохондроздан емделген. Ауруханадан көмек сұрағанда оған екінші бел омыртқасының гемангиомасы диагнозы қойылды.