22 қаңтарда Павлодар облысында түнде аяз болады

22 қаңтарда Павлодар облысында түнде аяз болады
Фото: Константин Шелков

Жауын-шашын күтілмейді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Қазгидрометтің мәліметінше, облыста түнде ауа температурасы -25...-30°С, облыстың батысында -22°C құрайды. Желдің жылдамдығы секундына 3-8 метрге дейін жетеді. 

Күндіз -12...-17°C болады. Жауын-шашын күтілмейді.

Павлодарда сынап бағанасы түнде -25...-27°С, күндіз -15...-17°С көрсетеді. Көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз болады.