Павлодарлық жастар жанды дауысты ән салып, көңіл көтерді
Жастар бастамаларын дамыту орталығында өткен «Jastar vaib» іс-шарасына 120-ға жуық адам жиналды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Ермұхамбет Ерқанат, Нұрислам Абилов және Әлібек Жүнісбеков жанды дауыста қазақ және орыс тілдеріндегі заманауи әндерді орындады, гитарада ойнады. Шырқалған әндердің қатарында "Ирина Кайратовна" мен "5000К" топтарының композициялары, сондай-ақ Молданазар мен Құрмаш Маханның әндері болды.
Көңілді кеш бимен және үстел ойындарымен жалғасын тапты.