Павлодар облысында екінші ауысымда оқитын балалар үйлерінде қалады

Павлодар облысында екінші ауысымда оқитын балалар үйлерінде қалады
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Далада көктайғақ, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Қалалық білім беру бөлімінің мәліметінше, 10 қарашада облыстың барлық мектептерінде 2-ауысымдағы мектепалды даярлық топтары мен 1-4-сынып оқушыларының сабақтары ауа райының қолайсыздығына байланысты қашықтан оқыту форматына ауыстырылады.

Ауа температурасы –1...–6°С, ал желдің жылдамдығы секундына 15–20 метр, сондай-ақ, көктайғақ. Барлық мектептердегі оқушыларды тасымалдау тоқтатылады.