28 тамызда Павлодар облысында жаңбыр мен найзағай күтіледі

28 тамызда Павлодар облысында жаңбыр мен найзағай күтіледі
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Желдің жылдамдығы секундына 9–14 метрді құрайды. Күндіз облыстың шығысында желдің екпіні 15–20 метрге дейін күшеюі мүмкін, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

«Қазгидромет» РМК мамандарының мәліметінше, облыста түнде ауа температурасы +13...+18°C болады. Облыстың батысы мен солтүстігінде жаңбыр жауып, найзағай күтіледі.

Күндіз ауа температурасы +23...+28°C аралығында болады. Облыстың батысында, шығысында және орталығында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды.

Павлодар қаласында түнде ауа температурасы +14...+16°C болады. Ауа райы құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз.

Күндіз +25...+27°C дейін жылынады. Ауа райы құбылмалы бұлтты, жаңбыр жауып, найзағай күтіледі.