7 сәуірде Павлодар облысында жылы ауа райы сақталады

7 сәуірде Павлодар облысында жылы ауа райы сақталады
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Күндіз ауа температурасы ...+18°C дейін көтеріледі, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

«Қазгидромет» РМК мамандарының мәліметінше, облыс бойынша түнде ауа температурасы 0...+5°C, жауын-шашынсыз. Облыстың батысында, солтүстігінде және шығысында тұман күтіледі. Күндіз +13...+18°C, облыстың оңтүстігінде +21°C дейін жылынады. Жауын-шашынсыз. Батыс, солтүстік және шығыс бөліктерде тұман сақталады.

Желдің жылдамдығы секундына 9–14 метрге жетеді.

Ал Павлодарда түнде +2...+4°C, күндіз +16...+18°C. Аспан ала бұлтты, жауын-шашын болмайды.