Павлодарда орталық жағалаудағы қоршауды зақымдаған адамға іздеу салынды
Көлік жаяу жүргіншілер аймағының аумағында қоршауды бұзды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық , жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі баспасөз қызметінің мәліметінше, жол-көлік оқиғасы 24 шілде күні сағат 9:00-ден 13:00-ға дейін болды.
Оқиға бойынша қандай да бір ақпарат иелерін ТҮКШ бөліміне хабарлауды сұрайды.